Елімізде инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды
Елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев мәлімдеді.
Оған 878 жоба енгізілді, 30 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту және 147 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған,-деді спикер.
Оның айтуынша, бұл тізімге 500 млн теңгеден астам тартатын инвестициялық жобалар енгізілген.
Олар шикізаттық емес сектордан таңдалған. Өңірлер бөлінісінде жобаларға салынған инвестиция көлемі бойынша Ақтөбе облысы, Атырау облысы және Астана қаласы көш бастап тұр. Жобалардың саны бойынша елордамыз, Ақмола облысы және Шымкент қаласы алдыңғы қатарда, - деді Ардақ Зебешев.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін 281 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 28 жоба іске қосылса, 1,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылған