Елімізде инфляция ненің есебінен төмендеді?
Елімізде инфляция төмендеп келеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық банктердің қатаң монетарлық саясат сақтауының арқасында жаһандық инфляциялық процестер баяулап келеді. Экономикасы дамыған елдерде инфляция орталық банктердің нысаналы көрсеткіштеріне жақын. Біз жетекші елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатын біртіндеп жеңілдетуге жағдай жасай бастағанын байқап отырмыз, - деді ол.
Тутушкиннің сөзінше, Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуын жоғары деңгейге келе жатыр.
Биылғы 9 айда жалпы ішкі өнім 4,0%-ке өсті, бұл өсу өткен жылдың жоғары базасы аясында болып отыр. Өсу экономиканың барлық салаларында байқалады. Инфляция біртіндеп төмендеп келеді, алайда оның баяулауы тұрақсыз сипатқа ие, - деді Тутушкин.
Виталий Тутушкин қазан айында қыркүйекке қарағанда инфляция жылдық мәнде 8,5%-ке дейін жеделдегенін атап өтті.
Бұл ретте инфляция 2023 жылғы ақпандағы шарықтаудан 2,5 есе төмендегенін айта кеткен жөн. Алайда, бұл деңгей Ұлттық Банк белгілеген мақсатты көрсеткіш – 5%-тен айтарлықтай жоғары. Инфляция төмендеуінің маңызды факторларының бірі азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтануы, олар 4,9%-ке дейін баяулады. Азық-түлік емес тауарлары инфляциясы әлдеқайда аз баяулап, жылдық мәнде 7,8% жетті, - дейді ол.
Тутушкин елімізде ақылы қызметтер инфляциясы 14,3% өскенін айтады.
Инфляция динамикасы Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді және ол ұстамды қатаң ақша-кредит саясатының, сондай-ақ Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларының нәтижесі болып отыр. Жыл басынан бері Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төрт рет төмендетті. Яғни 1,5 пайыздық тармаққа 15,75%-тен 14,25%-ке дейін. Біздің болжамдарымыз бойынша, алдағы екі жылда инфляция біздің 5%-тік таргетке жақындайды. 2025 жылы 5,5-7,5% дәлізде, ал 2026 жылы – 5-7%аралығында қалыптасады. Қазіргі таңда болжамдарды жаңартудың тоқсан сайынғы болжамды раунды деп аталатын процес жүріп жатыр, біз 29 қарашада оның қорытындыларын жариялаймыз, - деді Ұлттық банк өкілі.
Сонымен қатар ол проинфляциялық тәуекелдер туралы айта өтті.
Сыртқы тәуекелдерге – негізгі серіктес елдердегі бағаның өсуі және азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі жатса, ішкі тәуекелдерге – тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің үздіксіз өсуі, фискалдық ынталандыру аясында ішкі сұраныстың сақталуы, сондай-ақ инфляциялық күтулердің баяулауы жатады. Біз мұнайлық емес тапшылықтыңжоғары болып қала беретінін және бюджет шығыстарының едәуір бөлігі әлі де Ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігін көріп отырмыз, - деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.