Елімізде індеттен жазылғандар саны 450-ге жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 447-ге жетті. Олар, Нұр-Сұлтан қаласы – 188, Алматы қаласы – 88, Шымкент қаласы – 16, Ақмола облысы – 18, Ақтөбе облысы – 9, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 23, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Жамбыл облысы – 11, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 25, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 13 және Қостанай облысы - 1 бір адам - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, еліміз бойынша қатерлі індетті жұқтырғандар саны - 1775, ал көз жұмғандар саны - 19 адам.