Елімізде індеттен айыққандар саны 100-ге жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Індетті жеңгендердің 12-сі Алматы қаласында және 1 адам Батыс Қазақстан облысында емделген.

Қазақстан бойынша аты жаман ауруға 911 кісі шалдықса, соның  99-ы жазылып шықты. 

Нұр-Сұлтан қаласы – 37
Алматы қаласы – 49
Шымкент қаласы – 2
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 1
Атырау облысы – 2
Жамбыл облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 1

Өкінішке орай, індеттен айықпаған 10 адам өмірден өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы