Елімізде індеттен 2 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирустан тағы екі кісі қайтыс болды. 
Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Павлодар облысы - 1956 жылы дүниеге келген әйел,
Маңғыстау облысы - 1966 жылы туған ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 70 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 14
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 10
Ақмола облысы – 4
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 3
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 10
Түркістан облысы – 3

Қайтыс болғандар саны 70-ке жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы