Бүгiн 2026, 07:25
Фото: gov/kz
Елімізде ілбіс саны екі есеге артты
Бүгінде елімізде 189 ілбіс мекендейді.
Қазақстанда ілбіс саны соңғы жиырма жылда екі есеге жуық өсті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның дерегінше, бүгінде елімізде 189 ілбіс мекендейді. Ал 2005 жылы олардың саны шамамен 100-110 болған.
Сирек кездесетін жыртқыштарды қорғау және олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау мақсатында 2025 жылы Жамбыл облысында аумағы 74,8 мың гектарды құрайтын «Мерке» мемлекеттік табиғи паркі құрылды.
Ілбіс – Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлардың бірі. Елімізде бұл жыртқыш негізінен Тянь-Шань мен Алтай тауларының биік белдеулерінде тіршілік етеді.