Елімізде ХҚКО-ның деректер базасы істемей қалды
Еліміздің ХҚКО-ларындағы техникалық ақауға байланысты жүргізуші куәлігін алып, көлікті қайта тіркеу қызметтері қолжетімсіз, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қала тұрғындары автоцондардың базасы істен шығып, жұмыс істемей жатқанын хабарлады.
Алматы қаласыдағы №6 Алматы автоцонында база жұмыс істемей жатқанына біраз уақыт болды. Қызметкерлер еліміздің барлық қалаларында база істемей жатқанын айтты, - дейді қала тұрғыны.
Аталған жағдайға мамандандырылған ХҚКО баспасөз қызметі жауап берді. Олар мәселені жою мақсатында жауапты мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лардың жүйесінде уақытша кідірістер орын алғанын хабарлаймыз. Сол себепті жүргізуші куәліктерін алу және көлік құралдарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді алу барысында мәселелер туындауы мүмкін. Меселені жою мақсатында жауапты мамандар жөндеу жұмыстарын жіргізіп жатыр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.