Елімізде халықаралық әуе рейстері қайта қалпына келтіріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап елімізде аптасына 114 рейсті орындау бойынша 16 елмен тұрақты халықаралық бағдар санын ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді. 

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

Атап айтқанда, Ресеймен арада - 54 рейс, Түркиямен – 7, БАӘ-мен – 9, Өзбекстанмен – 5, Германиямен – 5, Мальдивпен – 3, Кореямен – 6, Польшамен – 2, Венгриямен – 1; Сауд Арабиясымен - 1 рейс орындалады. Чехиямен аптасына - 2 рет, Қытаймен аптасына - 8, Әзірбайжанмен аптасына - 3 рейс тұрақты ұшатын болды. Сондай-ақ тұрақты рейстер Италияға аптасына - 2 рет, Шри-Ланкаға аптасына - 3 рет, Кувейтке - аптасына 3 рет орындалады.

Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр.

Рейстерді орындау осы көрсетілген елдердің тиісті уәкілетті органдары арқылы келісіледі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы