Елімізде ет бағасы көтерілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлемде азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан ет бағасы көтерілуі мүмкін. Бірақ нақты болжамды айта алмаймын. Ауыл шаруашылығы министрлігі малдан айырып қалмауы үшін тиісті жұмысты жүргізеді, – деді басшы АШМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев еттің қымбаттауына қатысты жеке пікір білдірді.
Ауыл шаруашылығы министрі ретінде айтайын. Ет бағасы өскенде біртүрлі сезім болады. Біріншіден, мал өсірушілер үшін қуанамын. Олардың жұмысы ауыр ғой, бірақ баға өсіп жатыр. Ал екінші жағынан баға қарапайым тұрғындардың қалтасына ауыр салмақ түсірмесін деп ойлаймын. Бұл жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ғана емес, Сауда және интеграция министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірігіп жүргізуі қажет... – деді министрдің міндетін атқарушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы