Елімізде ескі лифттерді 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін ауыстыру жоспарланған

Министрлік ескі лифттерді 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат 2024 жылғы 21 тамызда Сауда және интеграция министрлігінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нақтырақ айтқанда,25 жылдан астам жұмыс істеп тұрған лифтілерді ауыстыру жоспарланған.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2025 жылдың 15 ақпанына дейін паспортта қызмет ету мерзімі туралы ақпарат болмаса, 25 жылдан астам жұмыс істеп тұрған лифттерді ауыстыруы керек. Бұл талаптар ТР КО 011/2011 техникалық регламентінде белгіленген " 2013 жылдың 15 ақпанында күшіне енген лифтілердің қауіпсіздігі, - деп түсіндірді Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, олар биыл – 224, келесі жылы 300-ден астам лифтіні ауыстыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы