Елімізде есірткіге тәуелді 18 мың адам есепте тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша қазір есірткіге тәуелді 18 мың адам тіркеуде тұр. Оның ішінде 1500 әйел мен 62 жасөспірім бар. Оларды тіркеуге алу тәртібін өзгерту Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына кіреді, - деді ол.
Нұрғалиев атағандай, есірткіні саудалайтын сайттар бұғатталуы үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіледі.
Ол бойынша жедел шешім қабылданады. Жыл басынан бері 965 сайт анықталып, 555 сайт бұғғатталды. Бұл жұмыс үнемі жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Есірткі айналымы бойынша көшбасшы өңір анықталды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы