Елімізде ертеңнен бастап қоян аулауға тыйым салынады

Елде құм қоянын 31 желтоқсаннан бастап атуға болмайды. Ал, 15 ақпаннан бастап ақ қоян мен ор қоянды аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ге сілтеме жасап.

Себебі осы мезгілде қояндар көжектей бастайды.

Елде ертеңнен бастап қоян аулауға тыйым салынады. Өйткені ұзынқұлақтылардың қосылатын маусымы басталды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың 15 ақпанынан бүгінге күнге дейін 390 мыңға жуық қоян аулауға рұқсат берген. Мәселен бір ғана Қарағанды облысының аңшылары 65 мың қоян атуға лицензия алған. Бірақ елде қанша ұзынқұлақты ауланғаны жайлы ақпар жоқ. Ал, аңшы қоянға құс немесе тазы салса онда рұқсаттың керегі жоқ. Тек құжаты болса болды.

Кейінгі жылдары аңға қарусыз шығатындардың қатары артып келеді. Мейрам Қасымов – солардың бірі.

Аң мен аңшының мүмкіндігі тең болу керек, - дейді саятшы.

 Мен өзім аңға тазымен шығамын. Мылтықпен шыққанды құптамаймын. Аңға да мүмкіндік беру керек, -дейді аңшы Мейрам Қасымов

Елде қоянның 3 түрі кездеседі. Оны аулау уақыты да әртүрлі. Мәселен құм қоянын 1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында атуға болады. Ал, ақ қоян мен ор қоян 1 қарашадан 15 ақпанға дейін ауланады. Ұзынқұлақтылар тез көбейеді. Ақпаннан қарашаға дейін олар үш ай сайын көжектейді. Әр туғанда кемінде 6-7 көжек табады.

Біріншіден, азамат атыс қаруын қолданып, аң аулайтын болса, 21 жасқа толған болуы керек. Ал аңшы жыртқыш құстармен, аңшы иттермен ауланатын болса, 14 жастан асқан болуы керек. Жас ерекшеліктерімен бірге аңшыда аңшы куәлігі мен аңшылық шаруышылық субьектілерімен берілген жолдамалары болуы қажет, - дейді жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Олжабек Холов

Оның айтуынша, аң аулауға рұқсатты ол аңшылық субьектілерімен берілетін болады.

Егер тыйым салынған уақыттан бастап қоян аулайтын болсаңыз, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайсыз. Ал, заңға бағынбай тағы қайталасаңыз, айыппұл мөлшері артып, аулау құралдары тәркіленеді,- дейді тілші Әлішер Әли.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы