Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда тұмау және ЖРВИ бойынша ағымдағы маусымда тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты, деп хабарлайды  Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, дегенмен республика бойынша және өңірлер бөлінісінде де аурудың болжамды шекті деңгейінен асып кету деректері анықталған жоқ. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сырқаттанушылықты, тұмау вирусының айналымын мониторингтеу және вирустың жаңа штамдарын анықтау түрінде тұмау мен тұмау тәрізді ауруларды (ЖРВИ) эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі қамтамасыз етілген. 

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2021 жылғы 1 қазаннан бастап республика бойынша ЖРВИ жұқтырудың 2 млн 730 мың жағдайы тіркелді. 

Жіті респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққандардың басым үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды - 2 млн 23 мың жағдай, бұл жалпы анықталған деректердің 74% құрайды. 

Сонымен қатар ағымдағы эпидмаусымда тұмаудың 547 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 237 бала осы індетке шалдықты. Республика аумағында А/H3N2 және B тұмауы вирустарының айналымы белгіленген, сонымен қатар циркуляцияда тұмау вирусымен қатар басқа да тұмау емес вирустар анықталы: парагрипп, РС-вирус, метапневмовирус, риновирус, боковирус, аденовирус. Басқа тұмау емес вирустардан риновирустар, РС вирусы және парагрипп айналымы басым. 

Тұмауға қарсы екпе-аурудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі. Вирус жұқтырған жағдайда алынған вакцина аурудың ауыр ағымынан және асқынулардан қорғайды. ЖРВИ маусымына дайындық шеңберінде Ресейде өндірілген "Гриппол плюс" вакцинасы сатып алынды. Вакцинаның құрамында маусымдық а(H3N2) және А(H1N1) тұмауына және В типті тұмау вирусы штамына қарсы антигендер бар. Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация науқаны 15 қыркүйекте басталды. Бүгінгі таңда елімізде 2,6 млн-нан астам адам тұмауға қарсы иммунитетін нығайтты. Олардың ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 2 млн 577 мың адам, жұмыс берушілер есебінен – 66 мың адам, сондай – ақ ақылы негізде-56 мың адам екпе салдырды. Бүгінгі күні вакцинадан кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы