Елімізде энергия үнемдейтін шыны шығарумен айналысатын зауыт ашылды

«Orda Glass Ltd» ЖШС биылғы маусым айынан бастап энергия үнемдейтін шыны шығарумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның құны 6,7 млрд теңге, қуаттылығы – 5 млн ш.м. құрайды.

Қазіргі мәліметтер бойынша зауытта 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Ал цех 20 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Энергияны үнемдейтін шыны ерекшелігі – суық мезгілде жылуды сақтау. Сондай-ақ ол жазда күн радиациясынан қорғайды және жылуды 20% үнемдейді.

Саланың дамуына серпін берген шыны зауыты 2022 жылдың қазан айында шетелдік инвестордың қатысуымен іске қосылды. Жобаға 42,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Қуаттылығы 197,1 мың тонна табақша шыны.

Зауыт іске қосылғалы бері 27,3 млрд теңгене 22,8 млн ш.м. шыны өнімін өндірді. Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия және Ресейге экспортқа жіберіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы