Елімізде электромобильдердің аккумуляторы қалай жойылады

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Әділ Жұбанов заң жобасы талқылау кезінде экология министрлігіне сұрақ қойды.

Мен электромобиль жайында әзірленген заң жобасының жұмыс тобының мүшесімін. Германия азаматымен кездескен болатынмын. Сонда ол біздің елде электромобильдің көбейіп жатқанын, осы бағытты еліміздің қолға алғанын жақсы үрдіс деп айтты. Бірақ «Еуропада экологиялық таза көлік үлкен қарқынмен көбейіп жатқан жоқ» деді. Себебі олардағы үлкен мәселе электромобильдердің аккумуляторын жою мәселесі. Осы бойынша қандай да бір жоспар бар ма?, - деді ол.

Жұбановтың айтуынша, еліміз бірнеше уақыт бойы экологиялық сынақ аймағына айналған.

Экологиямыз да оңып тұрғаны шамалы. Осыған экология министрлігінің жауабы бар ма?, - деп сұрақ қойды ол.

Бұл сұраққа Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев жауап берді.

Утилизация бойынша сұрақ министрліктің күн тәртібінде тұр. Инвесторларды іздеп жатырмыз. Әлемдік тәжірибені қарап жатырмыз. Олар Қытай мен Канадада бар. Сол инвесторлар келіссе, бірлесе отырып зауыт саламыз. Ақша бөлінген, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы