Елімізде экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда саласына бизнес субъектілерінің 36%-ы тартылып, 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Министрдің сөзінше жалпы ішкі өнімге экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр.

Саудамен айналысатын азаматтардың орташа айлық табысы 309 993 теңгені құрады. Саудаға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 23,6%-ға өсіп, 853,2 млрд теңгені, ішкі тауар айналымы 2023 жылы 20,3%-ға артып, 61 трлн теңгені құрап отыр. Сауданың нақты көлем индексі 2022 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көтерілген, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ министр 2029 жылға қарай экономиканы 450 миллиард долларға дейін ұлғайту мақсаты қойылғанын айтады. Ол үшін жалпы ішкі өнім жыл сайын 6% өсуі керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы