Елімізде екі жоғарғы оқу орны сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Қаржы академиясы мен М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті саудаға шығарылды.
ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, тендер 7 маусым күні сағат 10:00-де мемлекеттік мүліктер реестрінің веб-порталында www.gosreestr.kz өтеді.
Тендерге келесі нысандар шығарылды: "Қаржы академиясы" АҚ (Нұр-Сұлтан қаласы, І.Есенберлин көшесі, 25 үй (Уәлиханов көшесі, 11 үй), "М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті" АҚ (Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 ғимарат).
Саудаға қойылған ЖОО ішінде ең қымбаты – "Қаржы академиясы". Оның бастапқы бағасы – 4 202 775 000 теңге. ҚазМЗУ бағасы – 1 746 350 614 теңге.
Тендер қатысушыларын тіркеу хабарланған күннен басталады және 7 маусым күні сағат 8:00-де аяқталады.
"Аукцион 7 маусым сағат 10:00-де www.gosreestr.kz веб-порталында басталып, 17.00-де аяқталады", - делінген хабарламада.