Елімізде екі күн электр станциясы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қуаты 3 МВт "Қапшағай" және қуаты 4,95 МВт "Сарыбұлақ" күн электр станциялары іске қосылды. Жаңа генерация объектілер құрылысының инвесторы және бас мердігері "Хевел" компаниялар тобының құрылымдары болды.

Жаңа күн электр станциялары Күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Трекер қондырғылары күннің қайда орналасқанын бақылайды және автоматты түрде күн модулдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді. Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға артады.

Екі КЭС-дың жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт*сағ құрайды, бұл атмосфераға CO2 бөлінуінің 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады.

"Қапшағай" КЭС және "Сарыбұлақ" КЭС пайдалануға беру - Қазақстан аумағында күн генерациясы объектілерін салу бойынша "Хевел" КТ бағдарламасын іске асырудың кезекті кезеңі болып табылады. Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақмола облысында ТМД елдерінің аумағындағы ең ірі күн электр станцияларының бірі - қуаты 100 МВт "Нұра" КЭС ашылды.

Қазақстандағы компания жобаларының жалпы көлемі 248 МВт құрайды, оның ішінде 2019-20 жылдары сатып алынған "Күшата" КЭС (10 МВт), "Шоқтас" КЭС (50 МВт), "Жаңақорған" КЭС (10 МВт), "Хевел" құрылыс құқығын 2018 жылы ЖЭК жобаларын аукциондық іріктеу қорытындысы бойынша алған жиынтық қуаты 70 МВт Кентау мен Шымкенттегі КЭС.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы