Елімізде егіннің 83%-ы жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл егін жинау науқанының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 млн 206 мың га жиналды. Бұл бүкіл республика бойынша егін жинау алаңының 83,6%-ы. Шаруалар қазірдің өзінде 15 млн 914 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды бастырды. Ағымдағы орташа өнімділік өткен жылғы көрсеткіштен гектарына 1 центнерге (12,1 ц/га) артық, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2019 жылдың 14 қыркүйегінде 6 млн га (39,8%) егін немесе 6,8 тонна астық жиналған болатын.
Биыл егін жинаудың жоғары қарқыны негізінен егіс және агротехникалық іс-шаралардың уақытылы жүргізілуіне, ауыл шаруашылығы техникасының, жанар-жағармайдың сапалы дайындығына, сондай-ақ, салыстырмалы түрде қолайлы ауа райы жағдайларына байланысты. Сонымен қатар, егін жинау жұмыстары уақытылы басталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы