Елімізде «Е-Qurylys» бірыңғай жүйесі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға және жалпы құрылыс саласының жұмысына оң әсер ететін жаңа цифрлық жобалармен таныстырды.


Оның айтуынша, құрылыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша бой көтеріп жатқан нысандардың деректері келесі жылдан бастап Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесімен қадағаланады.


Еліміздің құрылыс саласының ашықтығына байланысты сұрақтар өте көп. Құрлыстың қалай жүріп жатқанын, оған қандай материалдардың қолданылып жатқанын ешкім біле бермейді. Осы себепті біз мемлекеттің тапсырысымен тұрғызылып отырған баспаналардың ашықтығын қамтамасыз ету мақтасында Е-Qurylys ақпараттық жүйесін әзірледік, - деді ол.


Ол өз кезегінде, барлық төлем Blockchain-платформасына енген ақпарат арқылы жүзеге асатынын айтты. Нәтижесінде бюджеттен жұмсалған әрбір теңге барынша ашық түрде көрсетілетінін атап өтті.


Тұрғызылып жатқан нысандарға қатысты Мемлекет басшысы нақты тапсырма берген болатын. Сол себепті жалпы құрылыс сапасын арттыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдадық. Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықтан шектеп, барлығын ашық түрде өткізуді қолға алдық. Осыған орай бұл салада жемқорлықтан арылу үшін цифрландыру жұмыстарына ден қойдық. Оның ішінде онлайн-калькулятор Е-Qurylys сынды бағдарламалары іске асырудамыз, - деді Қайырбек Өскенбаев.


Цифрландыру жұмыстарын іске асыру кезінде ірі қалалардағы салынған баспаналардың бағдарлама нормаларына қаншалықты сай екені жіті тексеріледі. Қазіргі таңда құрылыс процесін цифрландыру жұмыстары басталып кетті. Келесі жылдан бастап процесс толығымен автоматтандырылатынын хабарлады.


Сонымен қатар цифрлық жаңалық ретінде отандық құрылыс жабдықтарын онлайн сатуға мүмкіндік беретін «Маркетплейс» жүйесімен таныстырды.

«Маркетплейс» құрылыс материалдарының бағасын 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік беріп, сауданың ашықтығын қамтамасыз етеді. Еліміздің құрылыс тауарларын өндірушілері мемлекеттің қолдауымен ұзақ мерзімді келісімшарттарға отырып, жабдықтарды белгіленген құнымен сатып алуға мүмкіндік алады. Бұл құрылыс салушыларға да тиімді, - дейді бірінші вице-министрі.


Оның мәлімдеуінше, алдағы уақытта құрылыс сапасын арттыру мақсатында ҚР ИИДМ мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ нысанның іске асу жоспары тек құрылыс салушы үшін ғана емес, халыққа да қолжетімділігін қамтамасыз ететін «жаңа қала» құрылыс жүйесі әзірленеді. Азаматтар онлайн-режімде жұмыс барысының қалай жүзіп жатқанын бақылай алады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы