Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ. Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген. 2020 жылғы тамыздағы статистикаға сәйкес, республиканың 18 қаласының арасында Павлодар қаласында азық-түлік тауарларының Үкімет айқындаған 19 позициясы бойынша бағалар орташа республикалық мәндерден төмен.
Бұл туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Нұржан Әбішев айтты.Бұл ретте Павлодар қаласында 4 позиция бойынша – бірінші сұрыпты ұн, сүзбе 5-9%, тұздалмаған сары май, сәбіз неғұрлым төмен бағаны көрсетті. Жалпы, қыркүйек айының басынан бастап пияздың (90-нан 85 теңгеге дейін, кг), сәбіздің (95-тен 90 теңгеге дейін, кг), қырыққабаттың (85-тен 75 теңгеге дейін, кг), картоптың (85-тен 75 теңгеге дейін, кг) бағаларының төмендегені байқалады. Сондай-ақ, апта сайын Ак. Сәтбаев көшесі, 253/1 мекенжайы бойынша орналасақан «Нұрай» әлеуметтік дүкенінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді (ет, сүт, көкөніс, өнім, бакалея және т.б.) тікелей өндірушілердің бағалары бойынша сатылады, - дейді Нұржан Әбішев.
Бұдан басқа, «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауар жеткізу жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорынан әлеуметтік дүкендерде баға төмендегідей:
Күріш бағасы - 245 теңге/кг
Қарақұмық бағасы - 300 теңге/кг
Қант бағасы - 200 теңге/кг
«Заречное» өсімдік майы - 400 теңге / л
Макарон өнімдері - 180 теңге / кг
Тұз бағасы - 45 теңге/кг
Тауық еті - 880 теңге/кг.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін Павлодар қаласының тұтыну нарығында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Оның ішінде төртеуі ауылдық округтерде: Ленин кентінде - 1, Кенжекөлде - 2 және Жетекші ауылында - 1. Сондай-ақ, «Инмарт» (13), «Small» (7 дүкен), «Гринвич» (9 дүкен), «Лидер» (5 дүкен) төмен бағадағы желілік дүкендерде 34 әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысынан жыл сайын 5 мыңға жуық адам көшіп кетеді
Өзгелердің жаңалығы