Елімізде доллармен салымдар көлемі өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, долландыру деңгейі іс жүзінде өзгермеген.
Былтыр доллармен салымдар көлемінің өскенін аңғардық. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша долларландыру деңгейі іс жүзінде өзгермеді. 37,2-37,3% деңгейінде тұрғанына қарамастан, валюталық салымдар көлемінің 1,4 трлн теңгеге өсуі байқалады, - деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.
Сонымен қатар ол айырбастау бағамының әлсіреуіне тоқталды.
Жоғарыда аталған кезең ішінде айырбастау бағамының әлсіреуіне байланысты бағамдық қайта бағалау шамамен 250 млрд теңгені құрады. Шетел валютасындағы салымдардың нақты өсуі 1,1 трлн теңгеге немесе 2,6 млрд АҚШ долларына тең болды, - деді Әлия Молдабекова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы