Елімізде дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған байқау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Fitness Park KZ жобасы аясында Қазақстанда дене шынықтыру мұғалімдері арасында спорттық жаттығулар байқауы өткізілуде, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Байқау өтінімдерін қабылдау биылғы жылдың 25 мамырына дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысушы «жаттығулар кешенінің негізгі бөлігін Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес сарапшылар әзірлеген бағдарлама элементтерін пайдалана отырып дербес әзірлейді (бағдарлама және жаттығулар жобаның @fitnesspark_2021 ресми аккаунттарында орналастырылған). Әрі қарай, қатысушы бейне хабарламаны жазып, оны әлеуметтік желілерде #fitnesspark_baikau хэштегімен жариялайды, - делінген орталық хабарламасында.

Бейне жаттығулар кешені MP4 форматында, сурет пен дыбыстың жақсы сапасымен жазылады. Музыкалық ілеспе әуенге шектеу жоқ.

Бейнероликте байқауға қатысушы өзін таныстырып, қысқаша ақпарат беріп, жаттығулар кешенін көрсетуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және спорт мектептерінің, ТжКБ мекемелерінің, жоғары оқу орындарының дене шынықтыру оқытушылары шақырылады.

Байқаудың мақсаты - талантты жастарды анықтау және көтермелеу және жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту.

Дене шынықтыру оқытушылары арасындағы спорттық жаттығулар конкурсын Ұлттық Дельфий комитеті Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен және Fitness Park KZ дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін насихаттау мақсатында World Class фитнес клубтар желісімен әріптестікте өткізеді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша Fitness Park KZ жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылуда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы