Елімізде дефолт болуы мүмкін бе? – министр жауабы

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде ешқандай дефолт болмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге “Ұлттық экономика министрлігі адамдардың кедейленбеуі үшін қандай жоспар әзірлеп жатыр? Себебі дефолт болуы мүмкін деген әңгімелер жиілеп кетті…” сұрақ қойды.

Біріншіден, ешқандай дефолт күтілмейді. Қаржылық жағдай жалпы алғанда тұрақты, мемлекеттің резервтері бар. Сондықтан қандай да бір дефолт туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Импортқа келетін болсақ, бізде азық-түлік емес (еск - заттар, бұйымдар) тауарларға, ең алдымен құрылыс материалдарына, жабдықтар мен техникаға тәуелділік бар. Бұл бағытта жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр, – деді Байбазаров.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, үкімет валюта бағамын бақылап отыр.

Біз доллардың орташа жылдық бағамын 470 теңге деңгейінде белгіледік және әзірге бұл бағамды қайта қарауды жоспарлап отырған жоқпыз. Валюта бағамының динамикасын бақылап отырамыз және менің ойымша, бірінші тоқсанда оның қай бағытта қозғалатыны шамамен белгілі болады, – деді Нұрлан Серікұлы.

Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2025 жылдан бастап балалар жәрдемақысы өсетінін айтты.

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров теңгеге әсер етіп отырған үш факторды атады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы