13 Қыркүйек 2022 2022, 09:44

Елімізде дәнді дақылдардың 70%-ы жиналды

Бүгінгі күні республиканың барлық облысы бойынша егін жинау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні республиканың барлық облысы бойынша егін жинау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 11,3 млн га астық жиналды - бұл жоспардың 69,8 %-ы.

12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы осы мерзімде орташа өнімділік 8,9 ц/га болатын).

Оның ішінде, майлы дақылдар 337,5 мың га алқапта жиналды. Жалпы жоспардың 10% орындалып, 220,6 мың тонна бастырылды. Сондай-ақ 66,5 мың га алқаптағы картоп жиналды, бұл жоспардың 34%. Жиналған өнім 1,4 млн тонна. 

Бұған қоса 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналды немесе бұл жалпы алаңның 66%-ы.