Елімізде дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның айтуынша, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін негізгі факторлар айқындалған.
Бұлар жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті және т.б. қолдану болып табылады. Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін құру, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен дамыту жоспарланып отыр, - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын субсидиялау және агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру көзделген.
Осы шаралардың қабылдануы жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін қажеттіліктің 93%-ынан 98%-ына дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін 20%-ынан 29%-ына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады. Техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғасын табады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы лизингінің бағдарламалары кеңейтіледі, - деді ведомство басшысы.
Министрдің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған іс-шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4%-дан 6%-ға дейін артады деп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 2 есеге ұлғаятындығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат отырысының күн тәртібі талқыланды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы