Елімізде COVID-19-дан 6, пневмониядан 3 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 2 қыркүйектегі коронавирустық инфекция және пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 751, 295 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 694-ке жетті.
Сонымен қатар, ДСМ баспасөз қызметі 2 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 973 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 бала бар. Стационарларда 3 527 науқас жатыр. 3 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 6 науқас қайтыс болды, - делінген таратылған ақпаратта.
Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 9 жасар бала жоғалып кетті
Өзгелердің жаңалығы