Елімізде былтыр TikTok-тан 6,5 млн видео жойылды

Қауіпсіз интернет күні аясында әлеуметтік желілерде цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған "Ең Алдымен Қауіпсіздік" жаңа білім беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылы Қазақстанда 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,9 миллион есептік жазбасы жойылған.

ТикТок Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы кауіпсіздік пен тұтастықты қамтамасыз ету жөніндегі басшысы Балодис-Болужс Валадистің сөзінше, әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында TikTok әлемдегі ең инновациялық технологияларды қолданып, түрлі бейнероликтерді іріктейді. 

Мәселен, өткен жылы Қазақстанда бірлестік нұсқауларын бұзғаны үшін 6,5 миллионнан астам бейне жойылды (2023 жылы 4 миллионнан астам бейне жойылған). Оның 95%-ы шағым түскенге дейін жойылды. Ал бейнелердің 80%-ы платформа пайдаланушылары көрмей тұрып жойылды. Қалған 930 мыңнан астам тікелей эфир құқықбұзушылықтарға байланысты бұғатталды. TikTok кәмелетке толмаған пайдаланушылар секілді осал топтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады, - деді Балодис-Болужс Валадис.

Оның айтуынша, TikTok платформасы 13 жасқа толған пайдаланушыларға ғана арналған. Мәселен, 2024 жылы елімізде 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,9 миллион есептік жазбасы жойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы