Елімізде былтыр мопедтің қатысуымен 750 көлік апаты тіркелген

Бұл туралы Сенат отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, “Сергек" және басқа да бейнебақылау камералары арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін емес.

Мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Осыны пайдаланып, олар әдейі жол ережесін бұзады. Бүгінде ІІМ дерегінше, 80 мыңнан аса мопед бар. Қазір оларды тіркеу міндетті емес. Былтыр 12 айда мопедтің қатысуымен 750 көлік апаты тіркеліп, 39 адам қаза тауып, 730 адам жараланды. Биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. Салдарынан 48 адам көз жұмды, 1024 адам жараланды,-деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы