Елімізде бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастар саны артты
Елімізде диализ орталықтардың саны 130-дан асады. Ал бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың саны cоңғы 3 жылда 22,5%- ға өскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің нефролог дәрігері Сәрсенбай Қармақбаев мәлімдеді
Жедел және созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастардың санының өсуі - ауру ерте сатысында анықталмайды. Мәселен, бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың саны cоңғы 3 жылда 22,5%- ға өскен( 2021 жылы – 11320, 2022 жылы – 12546, 2023 жылы – 13869 ). Алматы қаласының өзінде диализ орталығы 19-ға жетеді. Созылмалы бүйрек ауруының 70%-нан астамы терминалды сатысында анықталып, шұғыл бүйрек алмастырушы терапияны (гемодиализ) бастауға тура келеді, - деді дәрігер.
Нефролог дәрігері Сәрсенбай Қармақбаев, жедел және созылмалы бүйрек ауруын алдын ала анықтаудың бірнеше тәсілдерін ұсынады, олар:
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмекұйымдарында жалпы тәжірибелік дәрігерлерді нефропротекция және креатинин деңгейі белгілі бір қалыпта емес әр адамда (жасы, жынысы) жеке есептелетіндігі туралы арнайы оқыту.
- Емхана деңгейінде скрининг арқылы артериалдықгипертензия, қант диабеті, жүрек қан-тамыр ауруларыжәне отбасында созылмалы бүйрек ауру бар науқастарда бүйрек зақымдануын ерте анықтау.
- Зертханада креатинин деңгейін шумақшаныңсүзілу жылдамдығымен бірге есептеп беру.
- Мақсатты артериалдық қан қысымының 120/80 мм.сын.бағ-нан аспауын қадағалау.
- Бүйрек биопсиясын алуды қайта қолға алу.
- Генетикалық тексерулерді жүргізу.
Егер зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы >30 мг/г жоғары, шумақшаның сүзілу жылдамдығы 60 мл/мин/1,73м2 төмен болса, зертханалық талдауды 3 айдан кейін қайталау керек. Егер 3 айдан кейін шумақшаның сүзілу жылдамдығы әлі төмен болса зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы жоғары болуы сақталса, онда созылмалы бүйрек ауру диагнозы қойылып, нефролог дәрігеріне жіберіледі. Егер зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы 30 мг/г-ға дейін, шумақшаның сүзілу жылдамдығы 60 мл/мин/1,73м2 жоғары болса, талдаудыжылына кемінде 1 рет қайталап отыру керек, - деді Сәрсенбай Қармақбаев.