Елімізде бизнесті тексеру екі есе азаяды - министр

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылдан бастап елімізде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе азаятынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті енгізіліп жатыр. 10 мыңнан аса өзекті емес талаптар анықталды, оның 9 мыңы заңға тәуелді деңгейде алып тасталды, ал қалғандары Парламенттегi заң жобасы аясында жыл соңына дейін алып тастауға жатады, - деді Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатында.

Ол бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаятынын атап өтті.

Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) автоматтандырылады, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап адамның қатысуынсыз тексерулерді тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды, - деді Қуантыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы