Елімізде бизнеске еңбекақы төлеу қорына жүктеме азайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады. Оның айтуынша жүктемені азайту үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі.

Қазақстанда микро- және шағын бизнес үшін жиынтық жүктемені 34%-тен 25%-ке дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бизнеске еңбекақы төлеу қорынан 5 төлем жүргізуге тура келіп отыр. Бұл шағын бизнеске техникалық және әкімшілік жағынан едәуір жүк, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ ол салық пен төлем бойынша атаулы жүктемеге тоқталды.

Биыл осы салықтар мен төлемдер бойынша номиналдық жүктеме 33,5%-ға тең болып отыр. Осыған байланысты, бұл төлемдерді бірыңғай төлем құрамына қосу және жалпы жүктемені 25%-ке дейін азайту жұмыстары жүргізіледі, - деп атап өтті Қаржы министрі.

Сонымен қатар түпкілікті тәсілдер биылғы жылдың соңына дейін Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес пысықталады. Тиісті төлемдер жүйесі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, жаңа қағидат бойынша іске қосылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ең төменгі жалақыны көтеру экономикаға не беретіндігі туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы