Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райы жағдайының бұзылуына (боран, тұман, көктайғақ болуына) байланысты барлық бағыт бойынша көліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынады. 

Сондай-ақ, бүгін 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы көлік қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымында - Павлодар облысы мен Семей қаласының шекарасында кез келген көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

Ақмола облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін сағат 19.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» бағытындағы автожол, «Екатеринбург - Алматы» бағытындағы автожол және «Жақсы - Есіл - Бұзылық» тасжолы жабылды. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды обылысындағы «Қызылорда - Павлодар» тасжолы да жабылғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы