Елімізде бірнеше халықаралық әскери оқу-жаттығу өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засяны қабылдады.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-да төрағалық ету мерзімінде Тәжікстан Республикасы ұсынған басым бағыттарының орындалуы, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік сессиясы шешімдерін іске асыру іс-шараларының жоспары талқыланды.
Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Станислав Зась 2021-2022 жылдарға арналған Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының оқу-жаттығулар тәртібін талқылады. 2021 жылы басты оқу-жаттығулар Тәжікстан аумағында жоспарланған. 2022 жылы Қазақстанда «Өзара іс-қимыл», «Іздеу», «Эшелон» оқу-жаттығулары өткізілетіні айтылды.
Еліміздің Қорғаныс министрі жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамын жетілдіруге қатысты пікір білдірді. Ол ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер ҰЖДК-ны жан-жақты қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзін-өзі жеткілікті топ ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруы қажет екенін атап өтті.
2022 жыл Қазақстанның Қарулы Күштері үшін және ҰҚШҰ үшін 30 жылдық мерейтойын атап өтетін жыл болады. Онда 15 мамыр – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл, 7 қазан – ұйымға 20 жыл толмақ.