26 Шілде 2026, 21:50
Фото: Скриншот
Елімізде бір тәулікте орман қорында екі өрт тіркелді
Қазіргі уақытта қажетті техника мен мамандар өртті толық оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгін, 25 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді.
Өрт ошақтары Батыс Қазақстан облысында анықталды. Оқиғалар туралы хабар тұрғындардан түсіп, орман шаруашылығы қызметкерлері мен өрт сөндіру күштері жедел түрде оқиға орнына шықты.
Қазіргі уақытта қажетті техника мен мамандар өртті толық оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Орман шаруашылығы қызметі өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Отты қараусыз қалдырмау, жанғыш заттарды тастамау және өрт белгілері байқалған жағдайда тиісті қызметтерге дереу хабарлау қажет.