2 Тамыз 2026, 21:49 Фото: depositphotos.com

Елімізде бір тәулікте 5 орман өрті тіркелді

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бүгін, 2 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді.

Өрттердің біреуі Ақмола облысында, біреуі «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, біреуі «Іле – Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және екеуі «Катон – Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеу қызметі мен ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталған. Оқиға тіркелген сәттен бастап орман күзеті қызметкерлері, қажетті күштер мен арнайы техника жұмылдырылып, өрттерді оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта өрттердің одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, жағдай тұрақты бақылауда.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.