Кеше 2026, 23:43 Фото: pixabay

Елімізде бір күнде 3 орман өрті тіркелді

Өрттердің шығуына негізінен найзағай разрядтары себеп болды. 

2026 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді. 

Өңірлер бойынша:

  • Қарағанды облысы – 1 өрт;
  • "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты – 2 өрт.

Барлық өрт ошақтары орман күзеті қызметкерлерінің және жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылының арқасында дер кезінде анықталып, жедел түрде сөндірілді, – делінген хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және еліміздің орман байлығына ұқыпты қарауға шақырады.