Елімізде бір көзден мемлекеттік сатып алуды қысқарту көзделіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов айтты.

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Заң жобасын әзірледі.Заң жобасына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында және 21 қаңтардағы ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша берген заңнамалық тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жоспар-кестеде көзделген түзетулердің 5 блогы енгізілді, - деді Әбдікәрімов. 

Ол атағандай,заң жобасы Үкімет басшылығының тапсырмалары бойынша енгізілген түзетулердің қосымша блоктарын қамтиды. 

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу негіздерін қысқартуды көздейді.Осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында:  мемлекеттік материалдық резервке тауарларды, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті органдардың қызметтік үй-жайларды, көлік және өзге де техникалық құралдарды, ақпараттық жүйелерді, мүлік пен оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды сатып алуды бір көзден сатып алу құқығын алып тастау қажет, - деді ол. 

Вице-министр атағандай, «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» заңда «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу тәртібін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеттілігі заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.

Қордың бәсекеге қабілетсіз сатып алуын қысқарту үшін холдингішілік кооперация аясында сатып алу тәсілі алып тасталады. Сондай-ақ заң жобасында жеткізушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағымдану құқығы қарастырылған.Заң жобасында бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау көзделген.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Министрлік бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау жөніндегі жұмысқа кірісті. Реформаның негізгі мақсаты – өңірлердің үлкен қаржылық дербестігін қамтамасыз ете отырып, олардың қаражатты жоспарлау практикасындағы қазіргі кемшіліктерді жою.Салық түсімдерінің кейбір түрлерін олардың тұрақтылығы мен жинақталу қағидаттарын ескере отырып, жергілікті деңгейге беру қаралады, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы