2 Мамыр 2023 2023, 11:19
Елімізде бір апта ішінде 3 200-ге жуық қылмыс жасалды
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек еліміздегі бір апта ішіндегі криминогендік жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек еліміздегі бір апта ішіндегі криминогендік жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір апта ішінде 3 165 қылмыс жасалды. Оның 1 941-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 4 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 31 тонау және 390 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Тұрлыбек онлайн брифингте.