Елімізде баспана сатып алуға сұраныс азайған
Елімізде баспана сатып алуға сұраныс азайған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Әлеуметтік сұраныс 7-20-25» атты дөңгелек үстел барысында «Қазақстан құрылысшылар одағы» төрағасының орынбасары Валерий Лакисов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының көбі тоқтап тұр.
Қазіргі таңда 2 бөлмелі пәтер 19 млн теңге тұрады. Ал оның бастапқы жарнасына 3-5 млн теңге төлеу қажет. Оған қоса пәтерге жөндеу жұмыстарын жасауға қосымша бірнеше млн теңге қаражат кетеді. Бүгінгі таңда халықтың тек 5-8 пайызы ғана баспана сатып ала алады. Себебі ай сайынғы төлем мен алғашқы жарнасы айтарлықтай қымбаттады. Ал мұндай қаражатты төлеп тұру үшін әр отбасы бірнеше жұмыс істеуі қажет, - деді Валерий Лакисов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат мектеп кітапханашыларының жалақысын көтеруді ұсынды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы