Елімізде барлығы 80 мыңнан астам автобус тіркелген

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың тоғыз айында қазақстандық автобус парктері 7 млн жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Атап айтқанда, автобус парктерінің жолаушылар айналымы 31,6 млрд ж-км болды.

Статистердің мәлімдеуінше, еліміздегі автобустардың 73%-ының жасы 10 жылдан асқан.

Елімізде барлығы 82 960 автобус тіркелген болса, соның көбі Алматыда (10 449 автобус).

Ең аз автобус Ақтөбе облысында. Онда автобустар саны 2 мыңнан сәл асады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы