Елімізде банкрот болуға 70 мың өтініш түскен

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Ақпараттық жүйе тұлғалардың банкроттығын тіркеп отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Биылғы 3-наурызынан бастап 70 мың өтініш келіп түсті. Оның 80 пайыздан астамы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды 56,4 мың өтініш келіп түсті. Ақпараттық жүйе арқылы өтініш беру мүмкіндігін және өтініш берушінің тиісті критерийлерге сәйкестігін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы автоматты түрде тексеруге болады, – дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Бүгінгі күні, 9 млрд. теңгеден астам борыш сомасына 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған.

Халықтың шамадан тыс кредиттелу проблемасын шешу тетіктерінің бірі, жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану. Бүгінде сұранысқа ие болып отырғаны  - соттан тыс банкроттық рәсімі. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады, – дейді Ержан Біржанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы