Елімізде балық пен теңіз өнімдерінің бағасы қандай

2025 жылдың қаңтарында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы жылдық мәнде 9,1% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бағасы 6,9%, мұздатылған балықтың бағасы 7,7%, өңделген және консервіленген балық өнімдерінің бағасы 11,9% артқан.

2024 жылдың үшінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерінің орташа тұтыну мөлшері жан басына шаққанда тоқсанына 3,5 кг құрады.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – жан басына 5,9 кг, Ақмола облысында – 5 кг, Батыс Қазақстан облысында – 4,6 кг, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында – әрқайсысында 4,5 кг.

Тұтыну мөлшерінің ең азы Шымкент қаласында – жан басына 1,1 кг.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы