Елімізде балалардың құқықтарын қорғау саласында жаңа институт ашылады
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында психологиялық қызметтердің дамуы жайлы айтты, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрлік психологиялық қызметінің жаңа ережелерін ескере отырып, педагог-психологтардың біліктілік талаптары және толтыруға міндетті нысандарды қысқарту бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірледі. Біз мектептердің психологиялық қызметтерінің автоматтандырылған жүйесін іске қосамыз, - деп айтты Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.
Сөзінше алғаш рет комитеттің қарамағында «Өркен» балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты пайда болады.
Ол балалардың құқықтарын қорғау саласында ғылыми-әдістемелік қолдауды жүзеге асырады. Барлық жоспарланған шара ыңғайлы, қауіпсіз және балаға қолайлы ортаға әкелетініне сенімдімін, - деп айтты ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлгінов ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керегін айтты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы