Елімізде балалар мүддесін қорғауға 500 мыңнан астам педагог жұмылдырылған

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалар құқығын қорғау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі балаларды қорғау мен қолдау. Сондықтан еліміз Бала құқықтарын қорғауға бағытталған. 15 халықаралық құжатқа қосылған. Қазақстан баланың өмір сүру сапасының халықаралық стандарттарына қол жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Оларды жүзеге асыру бойынша нақты механизмдер қарастырылған. Балалар құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия, осындай 235 аумақтық комиссия, 20 мыңнан астам білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдары айналысады, - деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша, елімізде балалар мүддесін қорғауға 500 мыңнан астам педагог жұмылдырылған.

2016 жылы Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты енгізілді. Балалардың проблемаларын шешуде 20 өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкіл үлкен жұмыстар атқарып келеді. Бір жыл бұрын енгізілген бұл институт қазірдің өзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді, - дейді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы