Елімізде ауыр жүк тасымалдауға уақытша шектеу қойылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1 наурыздан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауыр жүкті тасымалдауға уақытша шектеу қойылды.
Бұл туралы Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау Инспекциясының басшысы Хамитбек Петралиев брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, көктемгі қардың еруінен Республикалық маңызы бар жолдарды бүлдіріп алмас үшін ел ішінде ауыр жүк таситын көліктерге шектеулер қойылған.
Мұндай шектеулер жыл сайын көктемгі уақытта енгізіледі. Соңғы бес жылда ел ішінде республикалық және халықаралық маңызы бар жолдар салынып жатыр. Бұл шаралар сол жолдың күтімділігін сақтаумен байланысты. Бұл шектеу ҚР Көлік және коммуникация минитсрлігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген, - дейді ол.Сондай-ақ ол, мұндай шектеу әзірге еліміздің оңтүстігі үшін енгізілгенін айтты.
Қазақстан аймағы екі аумаққа бөлінеді. 1 наурыздан 1 сәуірге дейін Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында шектеу енгізілді. Ал, 23 наурыздан 1 мамырға дейін Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіледі, - деді ол.
Инспекциясының басшысы сондай-ақ халықаралық тасымалдаушыларға мұндай шектеу қойылмайтынын жеткізді.
ЕЭАО аясында жасалған және өзге де келісімшарттарға сәйкес халықаралық жүк тасымалдаушыларға шектеулер салынбайды. Тек мемлекет ішіндегі тасымалдаушыларға әдеттегі жүктен 20 пайыз төмендікте шектеулер енгізілді. Бұның бәрі уақытша шаралар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Матчтар көрерменсіз өтеді – Тоғжанов
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы