Елімізде ауасы лас қалалар белгілі болды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Абдуалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика аумағындағы атмосфералық ауаның жай – күйін білу үшін 69 елді мекенінде, 170 байқау бекетінде мониторинг жүргізілген.

Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қалалар мен мегаполистердің ішіндегі 8 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейге жатқызылды. Олар - Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент,-деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы