Елімізде аязды ауа райы жалғасады

Астана, BAQ.KZ. Елімізде алдағы екі күнде аяз сақталады. 

Синоптиктердің 7-9 ақпан күндеріне арналған болжамына сай, ауа температурасы әлі төмен болады. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы екі тәулікте республиканың басым аумағында күн қатты суық болады. Бұған қоса, қар жауып, боран соғады. 

Алдағы күндеріАстанада да аяз сақталады. Синоптиктердің болжамынша, тек сенбі күні термометр бағамы -12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал 7 ақпанда елордада ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Жел күші 2-7 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы - 25 -27 °С, түнде -35 -37 °С болады. 

8 ақпан күні де ауа райы құбылады. Күндіз температура -19 -21 °С, түнде -32 -34 °С болады. «Қазгидромет» мәліметінше, 9 ақпанда ауа райы құбылмалы болып, қар жауып, боран соғады. Жел күші 9-14 м/с жетеді. Күндіз температура -10-12 °С, түнде -20 -22 °С құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы