Елімізде атыс қаруымен жасалатын қылмыстар азайған

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов елімізде атыс қаруымен жасалатын қылмыстар азайғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ жыл сайын халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша акция өткізеді.

Осындай акциялар барысында 11 жыл ішінде жалпы соммасы 1,9 млрд теңге болатын 56 мыңнан астам атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде 46 мың адам тапсырған, - деді Ыдырысов.

Мұндай акциялардың тиімділігін соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар санының азайғаны көрсетіп отыр. Мысалы, 2016 жылы 389 қылмыс жасалса, 2021 жылы 192-ге дейін азайған.

Биыл осындай акция 10 сәуірден басталды, оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі күні полицияға ерікті түрде жалпы соммасы 64 млн болатын 951 қару, 13 мыңнан астам оқ-дәрілер тапсырылды. Оның 1,5 млн теңгесі 17 адамға төленді, - деп айтты бөлім бастығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы