Елімізде Атом есімді 5 адам бар

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

- Атомжан — 2 адам - Атомбек — 6 адам - Атомвек — 2 адам - Атомтай — 1 адам.

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.

Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы